Жалағаштық мемлекеттік қызметші республикалық спартакиадада чемпион атанды
Фото: Жалағаш ауданыАқмола облысы Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өтіп жатқан республикалық спартакиадада Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Жайдарбай Есенов қазақ күресінен 90 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде І орын иеленіп, республикалық спартакиаданың чемпионы атанды.
Айта кетейік, Жалағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда бұған дейін облыстық спартакиадада екі жыл қатарынан чемпион атанған болатын. Жуырда Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиадада І орынды жеңіп алды.
Қазіргі таңда Көкшетау қаласында республикалық спартакиада спорттың 10 түрі бойынша жалғасуда. Қызылорда облысының намысын қорғап жүрген спортшылардың қатарында жалағаштық мемлекеттік қызметшілер жарыста жоғары нәтиже көрсетуде.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









