Арал ауданы командалық есепте топ жарды
Қызылорда қаласында жергілікті атқарушы органдар арасында өтіп жатқан дәстүрлі облыстық спартакиадада Арал ауданының баскетбол барша қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, жалпы командалық есепте жүлделі І орынды қанжығалады.Бұл нәтиже – аудан абыройын асқақтатқан мемлекеттік қызметшілердің ұйымшылдығы, жігері және жүйелі еңбегінің айқын көрінісі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы дода-жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!









