Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Ұжым мақтаныштарын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз

Ұжым мақтаныштарын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ұсынысымен және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауымен кеше облыс орталығы Қызылорда қаласында «Senat Open» II Ашық біріншілігі кубогының іріктеу турнирі өткен болатын.

Сайыста Қызылорда облысының барлық жеті ауданы мен облыс орталығының өкілдері жеке және командалық есепте зияткерлік күш сынасты. Турнир аясында арнайы алты санат бойынша, яғни, ардагерлер, әйелдер, мәслихат депутаттары мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері арасында үздіктер анықталды.

Аталған турнирге Арал қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысы Мырзагүл Рсалиева мен бас маманы Талғат Сүлейменов қатысып, кезекті мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, М. Рсалиева әйелдер арасында жүлделі 1 орынды иеленсе, Т. Сүлейменов мемлекеттік қызметшілер арасында 2 орын алды. Ал, жалпы командалық есепте Арал ауданы 3 орынды иемденді.

Бұған дейінде аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі шахмат турнирлерінің жеңіс тұғырынан көрініп жүрген ұжымдастарымызды кезекті жүлделерімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта турнирде үздік атанған 35 қатысушы 12 шілдеде Түркістан қаласында өтетін Оңтүстік аймағының жартылай финалына жолдама алды.

«АРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ

---
17 сәуір 2025 ж. 60 0