Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шижағалық ширақ шәкірттер

Шижағалық ширақ шәкірттер

Ұлттық рухты ұлықтап, спорт арқылы жас ұрпақты тәрбие мен табандылыққа баулуда №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектеп оқушылары жарқын жетістіктерге қолжеткізуде. Жуырда өткен бірнеше маңызды спорттық жарыстарда мектеп шәкірттері тамаша өнер көрсетіп, аудан мен облыс абыройын асқақтатты.
Солардың бірі «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты аудандық спартакиадада 10 сынып оқушылары Батырхан Балтабекұлы, Расул Кеулімжаев және Еркеназым Ернатқызы командалық гір спортынан І орынды иеленіп, мектеп абыройын асырды. Нәтижесінде, Аққұм ауылдық округіне қарасты №57 мектеп облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық деңгейдегі бұл дода 2025 жылдың 14-15 наурыз күндері Қызылорда қаласында жалғасын тауып, дәл осы команда ІІІ орынға ие болды. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу сайысында:
Батырхан Балтабекұлы 63 кг салмақ дәрежесінде І орын, Расул Кеулімжаев 58 кг салмақта ІІ орын, Еркеназым Ернатқызы 58 кг арасында І орын иеленіп, Астанаға жол тартты.
Бұл жеңістер – шәкірттеріміздің табанды дайындығы мен дене тәрбиесі пәні мұғалімі, жаттықтырушы Самат Өнерпазовтың үздіксіз еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Ұжымдық ұйымшылдық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жастарымыз биік белестерді бағындырып келеді.
Мұнан бөлек соңғы жылдары асық ату спортынан да көрсеткен нәтижелер өте жоғары. Өткен жылы 26 қарашада Аралда өткен «Ұлттық мектеп лигасы» аясындағы асық ату сайысында 5–6 сынып оқушылары командалық және жекелей есепте үздік нәтиже көрсетті. Атап айтсақ Нұрислам Қуатжанұлы, Шыңғыс Рүсемов, Нұрталап Қасқырбаев, Қосымжан Жақсанов І орындарды жеңіп алса, командалық есепте де жеңіс №57 мектеп командасына бұйырып, аудан намысын абыроймен қорғады. Жарыстың жалғасы ретінде жас спортшылар облыс біріншілігінде де жоғары нәтиже көрсетіп, Ақылжан Қазыбекұлы ІІ орынмен марапатталды.
2025 жылдың 1 наурызында өткен облыстық іріктеуде де №57 мектептің жігерлі жастары – Қосымжан Жақсанов, Нұрислам Қуатжанұлы, Дінмұхаммед Әбжәмиев және Нұрали Сәуренов командалық ІІІ орынды иеленіп, «Үздік ойыншы» аталымы Қосымжанға бұйырды.
Бұл табыстардың негізінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі, спорт секциясының жетекшісі Жалғасхан Ботантаевтың шәкірттермен жұмысы көрініс тапқан жетістіктер мұнымен шектелмейтініне сенім мол.
Б.АЛУАДИНҰЛЫ,
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің
қосымша білім беру педагогы
31 мамыр 2025 ж. 47 0