Балғындар арасындағы бәсеке

Мектеп оқушылары арасында "Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз" атты спартакиадада қол күрес және гір тасын көтеру спортынан аймақтық іріктеу жарысы өтті.
Салауатты өмір салтын жанына серік еткен спорт сүйер жастардың арасындағы сайыс қызу тартысқа толы болды. Нәтиежесінде гір тасын көтеру бойынша №75 орта мектебі жеңімпаз болып табылса, №20 орта мектебі ІІ орынды, №72 орта мектебі ІІІ орынды иеленді. Ал қол күресінен №20 орта мектебі І орынды иеленсе, жүлделі ІІ және ІІІ орындарды №72 орта мектебі мен №75 орта мектептері өзара бөлісті.
О. ЖОЛДАСОВ