Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты.
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: ҚР ҰОК

22 тамыз 2026 ж. 46 0