Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нокаутқа түсірем деп ойлап ем": Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегі жайлы ойын айтты

"Нокаутқа түсірем деп ойлап ем": Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегі жайлы ойын айтты

Данияр Елеусінов Луис Норамбуэнамен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Қазақ спортшысы Данияр жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол Луис Норамбуэнамен 6 раундты толық өткізіп, жеңімпаз атанды. Алайда жекпе-жектің өз ойындағыдай болмағанын атады. 
"Жеңгенім үшін Аллаға шүкір етем, бірақ мен уақытытан бұрын сұлатып, жеңем деп ойлаған ем. Қарсылас маған қолайсыз болып шықты", - дейді Данияр.
Луис Норамбуэнаның Даниярға қарағанда бойы, аяқ-қол қысқа спортшы. Сондықтан жекпе-жек кезінде отандасымыз еңкейе, қарсыласын қуып жүре жұдырықтасты.

http://stan.kz  
  

26 мамыр 2019 ж. 534 0