"Реалдың" ең жақсы трансфері Роналдуды ұмыттыра ала ма?

Сол қанат демекші бұл қанатқа лайықты Асенсио бар. Оған былтыр Винисиус келіп қосылды. Ал Азардың ойын өрнегі бәрімізге мәлім, ол дриблинг жасау, жылдамдық, оқыстан қақпаға соққы беру жағынан ешқандай жұлдыз ойыншылардан кем емес. Тіпті "жалған тоғыздықты" да әдемі ойнап береді. Енді "сол қанатта кім ойнайды" дегенге келсек, алаңның бұл шеті әрине Азардікі. Бірақ Эденнің екі аяқпен де соққы жасай алатынын ескерсек болашақта оны, ойын арасында шабуылшы ретінде де көріп қалуымыз ғажап емес.