Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әйелдер құрамасы Кубок-2019 турниріне дайын екенін мәлімдеді

Бокстан әйелдер құрамасы Кубок-2019 турниріне дайын екенін мәлімдеді

Елордада16 шілдеде ҚР президенті кубогы үшін бокстан VII Халықаралық турнир басталады.

Бокстан әйелдердің ұлттық құрамасы Кубокке дейінгі дайындықтарын аяқтады. Биыл қыздар 5 салмақ категориясында өнер көрсетеді – 50, 57, 60, 69 және 75 кг дейін.
Азия чемпионы, Азия ойындарының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова Кубок-2019 туралы ойымен бөлісті.
«Әйелдер боксы Кубок бағдарламасына 3 жыл бұрын енгізілді. Турнир әрқашан жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде әйелдер боксы қарқынды дамуда. Турнирге көптеген спортшы келеді. Біздің басты қарсыластарымыз – Қытай мен Ресей. Дегенмен, әрбір елде, әрбір салмақ категориясында мықты боксшылар бар. Біз оларды Нұр-Сұлтанда көруге қуаныштымыз және күш сынасуға дайынбыз», - деді ол.
https://baq.kz
14 шілде 2019 ж. 452 0