Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас таеквондошылар Азия чемпионатынан 7 медаль еншіледі

Жас таеквондошылар Азия чемпионатынан 7 медаль еншіледі

Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. 

Olympic.kz хабарлауынша, екінші жарыс күнінде кадеттер 7 медаль жеңіп алды.  
Қазақстандықтар 2 күміс және 5 қола жүлдеге қол жеткізген.  
"Айдана Сүндетбай мен Тамир Қуатова финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.  Ал Мария Севостьянова, Назым Махмұтова, Темірлан Тілеулес, Бекарыс Бекенов және Тұрсын Ислам үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді", - делінген ҰОК хабарламасында. 
https://baq.kz
25 шілде 2019 ж. 655 0