«Көп адам сенбейді»: Бір қолымен волейбол ойнайтын түркістандық спортшы ұлттық құрамаға шақырту алды

– Қарапайым отбасыда дүниеге келдім. Ата-анам егін егіп, кәсіпкерлікпен айналысады. Көпбалалы отбасының екінші перзентімін. Үйдің үлкені - қыз, ал менен кейін екі інім бар. Мектеп жасынан бастап волейбол үйірмесіне бардым. Спортқа келуіме себепкер де әр кез қолдау көрсететін ата-анам. Олар менің шымыр болып өскенімді қалады. Өзімде де осы ойынға деген еркеше қызғушылық болды, - дейді спортшы.
Жүру, жүгіру, лақтыру, иілу, секіру, қабылдау тағы басқа жаттығулардан тұратын бұл спорт түрі адамның көңілі сергек болуына әсер етіп, іскерлік қабілетін дамытады, дейді спортшы. Оның алғашқы жаттықтырушысы Ақылжан Қошқаров болған.
Волейболшының айтуынша, 7-сыныптан жаттығып, араға екі жыл салып, жақсы нәтиже көрсеткен соң жарыстарға шыға бастаған. Қазір «Түркістан» құрамасында шабуылдаушы болып ойын көрсетіп жүр. Тренері – Ораз Нарбаев. ҚР ұлттық құрамасынан шақырту алған ол қараша айыннан бастап халықаралық сайыстарға шықпақ. Шахрух алдағы уақытта параолимиадалық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Оқуда озат, отбасына жанашыр Шахрух Санвардың өмір жолынан талай өскелең ұрпақтың үлгі алатыны сөзсіз. «Бастысы – адам бойындағы сенімділікті жоғалтпау керек»-, дейді ол.