Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің қашан болатынын айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегі қазан айында болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Дайындықты бастап кеттік. Келесі жекпе-жек қазанның 26-сына жоспарланып отыр. Жауапкершілік үлкен. Америкадан бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес мырза келіп отыр. Ол кәсіпқой бокста көзімді ашты, ұстаздан жолым болды деп ойлаймын. Алда үлкен жоспарлар бар», - деді Қанат Ислам.
Сондай-ақ ол Алматы қаласын Орталық Азия ғана емес, бүкіл әлемде боксшылар шоғырланған жерге айналдырғысы келетінін айта кетті.
Сондай-ақ ол Алматы қаласын Орталық Азия ғана емес, бүкіл әлемде боксшылар шоғырланған жерге айналдырғысы келетінін айта кетті.