Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" клубы "Манчестер Юнайтедке" қарсы тарихи ойында жеңіліп қалды

"Астана" клубы "Манчестер Юнайтедке" қарсы тарихи ойында жеңіліп қалды

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде «Астана» клубы англиялық «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын көрсетті. Ойын 1:0 есебімен англиялықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойын Манчестердегі «Олд Траффорд» алаңында өтті. 
Алаң иелері ойынның негізгі уақытында басымдылық көрсетті. Ойынның 45-минутында «Астана» англиялықтардың добы қақпаға кіруіне жол бермеді.
Алайда екінші кезеңде, 73-минутта Гринвуд Мейсон қақпаға алғашқы голды салды.
Осылайша, қазақстандық және англиялық командалар арасындағы ойын 1:0 есебімен аяқталып, «Манчестер Юнайтед» жеңіске жетті.


Айта кетерлігі, бұл ойын қазақстандықтар үшін тарихи ойын болды. Олар еврокубокта алғаш рет англиялық командаға қарсы ойын көрсетті.

https://stan.kz/astana-klubi-manchester-yunaytedke-karsi-tarihi-oyinda-zhanilip-kaldi-322157/ 

20 қыркүйек 2019 ж. 1 447 0