Хабиб Нурмагомедов Атыраудағы турнирдің арнайы қонағы болады

ММА кездесулерімен қатар, муай-тай бойынша үш кездесу ұйымдастырылады. Мұндай кездесулердің рейтингісі жоғары, бұл жерде "JAYYNGER" промоушенінің чемпиондық белдіктері ойнатылады.

Ертеңгі кездесуге 70 килоға дейін салмақта өнер көрсететін UFC чемпиондық белдігінің иегері Хабиб Нурмагомедов келеді деп күтілуде.
Турнирді Атырау облысының Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы, Атырау қаласының әкімдігі, Қазақстанның Панкратион Федерациясы ұйымдастыруда.

Сонымен қатар, кеше РФ ММА спорт түрі бойынша жетекші жаттықтырушысы, Гиннестің рекордтар кітабына түрлі спорт түрі бойынша 18 әлем чемпионын дайындаған Абдулманап Нурмагомедовпен кездесу өтті. Ол ММА жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Олардың қатарында жас спортшылар көп болды.