Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин Деревянченкомен өткен кездесуінің алаң сыртында болған жағдайларды көрсетті

Головкин Деревянченкомен өткен кездесуінің алаң сыртында болған жағдайларды көрсетті

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин ресми YouTube-каналында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген жекпе-жекке арналған видеоны жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Роликте алаң сыртында не болғанын және жекпе-жектің үздік сәттерін түсірген.
Қос боксшының жекпе-жегі 6 қазанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтті. 12 раунд толық өтті, соның нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берген (114-113, 115-112, 115-112). Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсті.
 
Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Головкин бұрындары да осы белбеулерді иеленген болатын.
07 қазан 2019 ж. 486 0