Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Финал алдындағы кездесу

Финал алдындағы кездесу

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Қайсар» футбол командасының ойыншыларымен кездесті. Футболшылар осы жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» стадионында атыраулықтармен Қазақстан Кубогын сарапқа салады. Маңызды матч алдында аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тіледі.
«Футбол – әлемдегі бірінші ойын. Кубок үшін тартыста финалға шығу – үлкен жетістік. Сіздерден осы ойында да жеңіс күтеміз. Атыраулықтар «Қайсардың» қандай ойын көрсетерін тап басып айту қиын. Төтеннен соққы жасайтын мықты команда» деген көзқараста екен. Сондықтан командалық рухты жоғары ұстап, шеберлік көрсетіңіздер. Бұл ойын осы жылдың басты спорт жаңалығы болсын», – деді облыс әкімі.
Кездесуде «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов сөз алып, аймақ басшысына алғысын білдірді.
«Айтулы сәтте бізбен бірге болғаныңыз – зор мәртебе. Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Ойыншылар сақадай сай. Дайындығымыз да жоғары деңгейде. Жеңісті күндерде жолығатынымызға сенеміз», – деді ол.
Шарада спортшылар облыс әкіміне 12-ойыншы жейдесін табыстады. Айта кетейік, «Қайсар» Қазақстан Кубогының финалында осы¬дан 20 жыл бұрын ойнаған.
https://syr-media.kz/sport/12446-final-aldynday-kezdesu.html
03 қазан 2019 ж. 1 053 34

Andy Andyap от 14 қаңтар 2020 01:45
This is a to a great extent respected post. Thanks quest of posting this. What do you believe close by my website: https://webdesignnx.blogspot.com/

Andy Escobarfp от 14 қаңтар 2020 10:37
This is a to a great extent important post. Thanks instead of posting this. What do you over close by my website: https://realizarewebsitex.blogspot.com/

Modu Coconele от 24 қаңтар 2020 09:51
Very agreeably article . I couldn't accord more on the poop provided. What do you improvise about my locate ? lambswool mattress pad

Dennisexciz от 26 желтоқсан 2021 00:47
https://tiffanyharris17.hatenablog.com/entry/2021/12/04/191924