Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасымен сөйлесті
Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, тергеу шараларының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz
"Құрметті Президент мырза, менің қайғыма назар аударғаныңыз үшін рақметімді айтамын. Мені қабылдағаныңыз үшін, осы істі тексеріп, байыбын анықтауды тапсырғаныңыз үшін және адамгершілігіңіз бен сезімталдығыңыз үшін алғыс білдіремін. Осы істе ер адам ретінде сөзіңізде тұрғаныңыз үшін. Президент әкімшілігінің үйлесімді жұмысы үшін", - деп жазды Жанна Ахметова Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, қызының ісі бойынша куәгерлер, заттай айғақтар мен камералар жоғалған, қажетті сараптамалар әлі күнге дейін жүргізілмеген.
Президенттің араласуының арқасында қазіргі уақытта осы іске арнайы статус пен импульс берілген, ол Ресейдің Тергеу комитетінің басты тергеу басқармасына жіберілген. Біздің ұсыныстар мен ескертулер нәтижесінде іс объективті қаралатын болады", - дейді Томирис Байсафаның анасы.
Осыған дейін, қайтыс болған қыздың ата-анасы Дархан Қожабергенов пен Жанна Ахметова істің объективті әрі әділ қаралуын талап еткен еді. Олар тергеу нәтижесімен келіспейді. Олардың айтуынша, Томирис Байсафа суицид жасаған.
Айта кетейік, 2018 жылы 13 сәуірде МГИМО-ның халықаралық экономикалық қатынастары кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде белгісіз жағдайда төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қыз бала көптеген жарақаттар алған. 3 мамырда ол ауруханада қайтыс болды.