Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЛАМГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

ҚАЛАМГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Әдебиет әлеміне әңгімемен емес романмен келген қаламгер -публицист, екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Мемлекет басшысы қол қойған Қаулы барлық Арал жұртшылығын қуанышқа бөледі. Бұл тек ауданымыздың ғана мерейі емес, барша Сыр өңірі мен қазақтың абыройы деп білемін.Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген Әбдіжәміл алақандай ауылдан шығып, күллі әлемге қазақ әдебиетінің асқақтығын айшықтап берді. Аз жазса да саз жаза білген халық жазушысының романдары оқырман жүрегінен ойып орын тауып, көкейде өшпеске жатталып қалған теңдессіз туындылар болып саналады. Осындай дарынға ие шығармашылық әлемінің абызы қандай да болсын құрметке әбден лайықты.
Наукеева Лайық 
№220 орта мектебінің мұғалімі
28 қазан 2019 ж. 591 0