Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ — ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ЗОР МҮМКІНДІК.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ — ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ЗОР МҮМКІНДІК.

Бұл қандай мүмкіндік десеңіз - дарынды, бәсекеге қабілетті жастардың мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік салада басшылық қызметке тұру мүмкіндігі.Бұл мемлекеттік басқару құрылымына жаңаша леп беруге, халықпен ашық, әрі сенімді диалог орнатуға, күрмеулі мәселені дер кезінде шешуге, ең бастысы басқару құрылымын жақсартуға септігін тигізбек.
«Президенттің жастар кадрлық резерві» - мемлекеттік қызметте мықты, әрі өзгермелі әлемде кез келген жағдайға бейімделуге қабілетті жастар қатарынан әлеуетті кадрлар жасақтау.
Президенттің игі бастамасы жастарға жол ашумен қатар, еліміздегі кадр саясатын да оңтайландырмақ. Тек, қабілетің мен қарымың жетсе болғаны.
Бұл азаматтар алдағы реформалардың қозғаушы күші болмақ.          Елімізде өз ісінің шеберлері, креативті идеяларға бай, мүмкіндігін күтіп жүрген жастар қаншама.
Ендеше, «Президенттік жастар кадрлық резерві» көзінде оты бар, жүрегі елім деп соғатын жалынды жастарды іріктеп, олардың кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізеді деп сенемін.
Ә. Ізбасаров,
Арал аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
29 қазан 2019 ж. 1 269 0