Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Менің туым – менің Отаным!» акциясы Сыр елінде жалғасын тапты

«Менің туым – менің Отаным!» акциясы Сыр елінде жалғасын тапты

 «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» акциясына қызылордалықтар да қолдау білдірді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Барша сырбойылықтарды патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге арналған шара қаладағы «Aray City Mall» сауда орталығында ұйымдастырылды. Шараға «Nur Otan» партиясы облыстық және қалалық филиалдарының басшылығы, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, жасотандықтар, жергілікті мәслихат депутаттары, АНК мүшелері, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараны ашқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылыған атап өтті. Ол өз сөзінде еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихи өткенді, мәдени мұраны, лайықты болашаққа ұмтылысты бейнелейтінін сондай-ақ, Отанға деген сүйіспеншілік, абырой, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, мемлекетке құрмет секілді жалпы адамгершілік нормалар қалыптастыратындығын тілге тиек етті.
Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде - ұлттық мерекелерден бастап, спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Тарихымызда мемлекеттік нышандар, еңсерілмейтін құндылықтар ретінде халықтарды жігерлендіріп, олар үшін ұлы ерліктер жасалған, олар үшін өмірлерін құрбан еткен мысалдар аз емес.
Бүгінде Қазақстанның көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әр түрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл нағыз қазақстандық патриотизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – ме쬬ле¬кеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту.
Біздің Ту ғаламшарымыздың әр түкпірінде халықаралық олимпиадаларда көтерілді, ол БҰҰ-ның Нью-Йорктағы штаб-пәтерінде, Венадағы ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінің жанында ілініп тұр. Ол алғашқы Қазақстандық ғарышкермен ғарышта болып, әлемнің ең биік тау шыңдарын бағындырды. Осының барлығы қазақстандық қоғамның бейнесін біздің санамызда ғана емес, халықаралық аренада да қалыптастырады.
Шара барысында халықаралық деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, көк байрағымызды көкте желбіреткен спортшылар сөз алып, патриоттық акцияға қолдау білдірді.
31 қазан 2019 ж. 744 0