Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алмаса да болады

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алмаса да болады

Қазақстанда жаңа үлгіде шығарылған жүргізуші куәлігін алу міндетті болмайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды stan.kz 

ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігіне қатысты бірқатар сұраққа жауап берді. 
«Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі бұрынғысынан аса ерекшеленбейді. Қазіргі қолданыстағы реквизиттер жаңасында да бар. Біздің мақсат – қолдан жасалған көшірмеден сақтандырып, сапасын арттыру. Чипті визуалды түрде жақсы көрінуі үшін алдынан артқы жағына ауыстырдық. Оны әзірлеу әдісі де басқаша болды. Бұрын-соңды болмаған техниканы қолданамыз. Бұл өз кезегінде жүргізуші куәлігінің сапасын арттыруға көмектеседі», - деді Юрий Козлов.  
Спикердің айтуынша, бұрыннан бері қолында куәлігі барлар жаңа үлгідегі куәлікті алуға міндеттелмейді. Мұны қолданыстағы жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған соң жүзеге асыруға болады. 
«Осы уақытқа дейін бұл өзгеріс бюджеттен қосымша шығынды талап етеді деген болатын. Алайда бұл – жалған. Барлығы қазіргі қаржыландыру есебінен жүзеге асады. Яғни оған қосымша ақша бөлінбейді. Мұнымен қатар, жүргізуші куәлігінің құны еш өзгермейді. Чиптегі жады көлемі ұлғайтылып, соған көптеген мағлұматты сыйғыза аламыз. Мысалы – саусақ ізтаңбасы мен биометриялық параметрлер. Қазіргі күні бұл қаралып жатыр», - деді әкімшілік полиция өкілі. 

15 қараша 2019 ж. 1 066 0