Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдан 21 кемшілік анықталды

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген. 700 миллион теңге жұмсалған бұл жолдың беткі жабындысы 5 см болуы тиіс. Бірақ жылжымалы зертхана 1 см-ге жетпейтінін анықтады. Ол аздай, тығыздығы мен тегістігі талапқа сай болмай шыққан. Құрылыс жұмыстары қара күзге дейін созылғасын, салқын асфальт төселуде. «Алайда оның да технологиясы талапқа сай болмай тұр», - дейді мамандар.
«1 ауысым бітіп, 2 бөлік қосылған жері келмейді. Стандартқа сай 3 метрлік рейкімен анықталады. Ол да келмейді. Асфальттың сапасы өте төмен. Осындай ақаулар бар», - дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов.
«Жылжымалы зертханамен 10-рет жолға шығып тұрмыз. Жылжымалы зертхананың қорытындысымен 12 кемшілік анықталды. Оның барлығына ұсыныстар беріліп, отырыста қаралып, ол жолдар қайта жөнделетін болып табылды», - дейді СЖҚІА облыстық департаментінің бас маманы Нұғман Жақұдаев.