Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол сапасын бақылайтын республикалық мекеме ашылды

Жол сапасын бақылайтын республикалық мекеме ашылды

Бүгін елордада «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ашылу рәсімі өтті,

Жыл сайын мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жол құрылысы саласына 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл өз кезегінде осы сала төңірегінде, әртүрлі жемқорлық фактілерінің орын алуына себеп болуда.
Құрылысқа бөлінген қаржы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кеткен фактілер де жоқ емес. Соның салдарынан, жол сапасы да сын көтермей жатады. Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, сапасыз салынған құрылыс жолдың жарамдылығын 40% төмендетіп отыр.
Осы сияқты жағдайлар ескеріле келе, бүгін елордада жаңа мекеменің тұсауы кесілді. Мекеменің мақсаты – жол картасын жасақтап, осы саладағы жемқорлық фактілерін азайту бағытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жұмыс істеу.
«Қазір біздің барлық жолдары тексеруге құқымыз бар. 2018 жылы 2 мыңнан астам тексеріс жүргіздік. Республикалық маңызы бар жолдарда. 11 млнның үстінде қайтадан жолдар жөндеуден өткізілді. Биылдың өзінде 9 млн-ға кейбір жаңа жол қабаттары сапасына сай болмағаны үшін қайта жөнделді. Бұрындары жүйе болмай, бәрі әртүрлі болды. Қай облыстарда ақаулар бар кварталына бір рет есеп беріп отырамыз», - деді «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы Замир Cағынов.
https://baq.kz
05 шілде 2019 ж. 883 0