«Болашақ» стипендиясына квота жойылады
2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына арналған квотаның барлық түрі алынып тасталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
«Кеше Шетелде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Өздеріңіз де білетіндей, »Болашақ« стипендиясы 26 жылдан астам бұрын, 1993 жылдың 5 қарашасында бекітілген болатын. Осы уақыттың ішінде 13 мыңнан астам стипендия тағайындалып, Қазақстан экономикасы үшін 10 мыңнан астам маман дайындалды», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, комиссияның кешені отырысында 234 жас қазақстандыққа магистратура мен докторатурада білім алу үшін «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Стипендияның 92 пайызы магистратура, 8 пайызы докторантура бағдарламасы бойынша білім алуға берілді. Сонымен қатар, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы, комияссия төрағасы Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережесінің жобасы енгізілгенін атап өтті. Оған сәйкес, келесі жылдан бастап үміткерлерге жаңа талап қойылады.
Атап айтқанда, басымдыққа ие мамандықтарға баса назар аударылады. Стипендияға үміткерлер ағылшын тіліне жетік болғандықтан келесі жылдан бастап шетелге жібермес бұрын тілдік дайындықтан өту талабы алынып тасталады.
«Тағы бір жаңалық - біз квотаның барлық түрінен бас тартамыз. Қазір мемлекеттік қызметшілер үшін, инженерлік-техникалық мамандықтар үшін квота бар. Осы квоталар жойылады. Бір ғана жалпы конкурс және мақсатты дайындық болады», - деді Рүстем Биғари.