Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде вице-министрлерге "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға тыйым салынады

Елімізде вице-министрлерге "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға тыйым салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігіне "Болашақ" бағдарламасы қатысушыларына қойылатын талапқа өзгертулер енгізуді тапсырды

"Президент әкімшілігі бағдарламаға қатысуға қойылатын талаптарды өзгертуі тиіс. Саяси шенеуніктер, әрине, білімдерін жақсартуға құқылы. Бірақ бос уақытында мемлекеттің есебінен емес, өз күшімен оқысын", - деді мемлекет басшысы.
Президент білім және ғылым министрлігі мен ұлттық экономика министрлігіндегі саяси қызметкерлердің "Болашақ" бағдарламасы үшін қызметінен кеткен оқиғаны еске салды. 
"Болашақ" бағдарламасы бойынша 45 жастан асқан соң қандай оқу? Бұл бір ғана жағдай емес, барлық мекемеде осындай. Қызметкері басшысына келіп, "Болашақпен" оқуға кететінін айтады. Жаңадан келген магистранттарды орнына тағайындайды, министрлердің жаңа орынбасарлары ол қайтып келгенге дейін бір жылға тағайындалады. Бұл деген абсурд. Бұл мемлекеттік қызмет емес", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
15 шілде 2019 ж. 1 030 0