Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі көп бейінді ауруханада жаңадан алынған кардиологиялық аппараттармен танысты (ФОТО)

Облыс әкімі көп бейінді ауруханада жаңадан алынған кардиологиялық аппараттармен танысты (ФОТО)

Облыс әкімі Қ.Ысқақов облыстық көпбейінді ауруханасында болып, кардиохирургиялық орталықтың ашылғынына 10 жыл толуына орай, облыс тұрғындарына көрсетіліп жатырған медициналық көмектің сапасымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады дейді kyzylorda-news.kz
Оның ішінде жүрек қан тамырлары ауруларына, жедел инфаркті анықтауда компьютерлік тамограф және қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеріп, жүрек ауруларын анықтауда шұғыл және жоспарланған жоғары технологиялық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ететін ангиограф аппаратының жұмыс нәтижесін көрді.
Облыстық көпбейінді ауруханасына жаңадан қойылған компьютерлі тамограф қондырғысына жергілікті бюджеттен 440 млн теңге қаралса, қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеріп, жүрек ауруларын анықтайтын ангиографиялық аппараты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған. Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының көрсеткіші бойынша, жүрек қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін 1 млн халыққа 1000 ота жасалуы қажет деп көрсетілген. Облысымыздың 800 мың тұрғынына есептегенде жыл сайын 800 ота жасалуы қажет. Ол үшін әрбір 250 мың тұрғынға шаққанда 1 ангиографиялық аппарат қажет етіледі. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған 2 ангиографиялық аппараттың көмегімен халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады деп күтілуде. Ангиограф аппаратының бірі облыс орталығында, бірі Қазалы ауданында жұмыс істеуде.
"Елбасы және Мемлекет басшысы тапсырмаларына сәйкес халықтың денсаулығы басты назарда болу қажет. Бұндай құрал бұрын біздің өңірімізде болмаған. Жаңадан алынған аппараттар аймақ тұрғындары үшін қызмет ету керек. Алдағы уақытта да бюджет қаражатынан осындай заман талабына сай келетін құралдарды сатып алуды қарастырамыз.",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында 2009 жылдың 6 желтоқсанында облыстық медицина орталығының құрамында кардиологиялық орталық ашылды. Дәл сол күні Қызылорда облысының туа бітті жүрек ақауымен туылған 13 жасар тұрғынына алғашқы рет ота жасалған. 2009-2011 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елдердің, республикалық орталықтартың профессорлары, доценттері, арнайы мамандары келіп түрлі мастер-кластар ұйымдастырып, түрлі оталар жасаған. Сонымен қатар, аймақ дәрігерлері де шет мемлекеттерге, республикалық арнайы орталықтарға барып білімдерін жетілдіріп, 2011 жылдан бастап ота жасауға кіріскен.

06 желтоқсан 2019 ж. 835 0