ІЛКІМДІ ІСТЕР – ӨРКЕНДЕУ ӨРІСІ

Қонақтар мен ардагерлер қауымы алдымен аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өткізіліп, қаланың сәулетіне көрік беріп тұрған заманауи үлгідегі «YASSAY Hotel Management» қонақ үйінде болды. Аудан қонақтары тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсетуді мақсат тұтқан, жайлы да ыңғайлы жасалған осындай нысандарды көбейтудің маңызы ерекше екендігін айтысып, жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан соң, бір топ ардагерлер қауымы Арал қаласының Шанхай бетінен ашылған алғашқы «Қуаныш» медициналық орталығына бас сұқты. Жаңа нысанмен танысқан ардагерлер таңданысын жасыра алмай, осындай игі іске мұрындық болған жеке кәсіпкерге және де аудан азаматтарына алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
Одан әрі аудан басшысы аудан орталығынан ашылып, ел игілігіне қызмет көрсетіп жатқан, еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі «SULPAK» гипермаркетімен таныстырды.
Осылайша, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандағы атқарылып жатқан ілкімді істермен таныс болған қонақтар мен ардагерлер қауымы аудан әкіміне, ел азаматтарына ризашылықтарын жеткізіп, ізгі тілектерін айтты.
Сондай-ақ, олар аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты шараға куә болып қайтты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі