«Сергек»: Жүргізушілердің айыппұлға төлеген ақшасы қайтарылатын болады

"Белгілі себептерге байланысты мәселені бірден шеше алмаған болатынбыз. Десек те қазіргі таңда бұл жағдай түбегейлі қолға алынды. Заңға сәйкес келмейтін жағдайларға байланысты айыппұл төлеуге мәжбүр болған жүргізушілердің барлығына да қоңырау шалынды. Оларға ақшаларын қалай қайтарып алуға болатыны түсіндірілді", - деді "Көркем телеком" ұйым филиалының директоры Алексей Снегур.
Алдағы уақытта ешкімнің өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуінің қажеті болмайды. Ал айыппұл төлеген адамдардың ақшасы олардың есепшотына немесе банктік карталарына аударылатын болады. Дегенмен "Сергек" бақылау камераларына тек жүргізушілер ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да наразы көрінеді.
Әлеуметтік желілерде ер азамат терезесінің алдына орнатылған камераны видеоға түсіріп, өзінің ренішін болатын. Оның айтуынша, тұрғын камера орнатылған терезенің бөлмесінде күнделікті үй жұмысын істеуден қалыпты. Ақырында оның бұл видеосынан кейін бейнебақылау камерасы басқа жерге орнатылыпты.