Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылардың наразылығынан кейін: Алматы әуежайында орындықтар қайтарылатын болды

Жолаушылардың наразылығынан кейін: Алматы әуежайында орындықтар қайтарылатын болды

Алматыдағы халықаралық әуежайдың күту залындағы орындықтардың бір бөлігі қайтарылатын болды. Оған жолаушылардың наразылығы себеп болған,

Хабарланғандай, жолаушылар және желі қолданушыларының арасында наразылық толқыны көтерілгеннен кейін, әуежай басшылығы орындықтардың бір бөлігін қайтару мәселесін қарастыра бастаған. 
«Біз халықтың пікірін сараладық. Орындықтардың бір бөлігі қайтарылуы мүмкін. бірінші кезекте, балалары бар жолаушылар мен егде жастағылар үшін. Әзірге нақты қанша орындық болатыны белгісіз. Басшылық бұл мәселені шешіп жатыр», - дейді әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әуежайының күту залындағы орындықтардың алынып тасталғанын хабарлаған едік. Әуежайдағылар түсіндіргендей, оған тұрақты мекен жайы жоқ адамдар себеп болған.
03 маусым 2019 ж. 796 0