Қанат Бозымбаев қызметінен кетті

Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты.
«Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулығы мен жуырда жасалған операция туралы айтты. Дәрігерлер көлікпен аз жүруге кеңес берген. Ұшақпен ұшуды азайтып, қалпына келу курсынан өту керектігін ескертті», – деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек Telegram-да.Министрдің өңірлерге жиі барып, салалық нысандар, стансалар мен кен орындарын аралайтыны белгілі. Сондай-ақ, бұл қызмет шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді талап етеді.
Энергетика министрі қызметіне байланысты Бозымбаевқа ескерту жасалмаған.
Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.