Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларусь қазақстандық мұнайға қызығушылық танытты

Беларусь қазақстандық мұнайға қызығушылық танытты

Беларусь Республикасы  Қазақстанның мұнайына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әзірге қандай да бір жеткізу мерзімі туралы сөз қозғалған жоқ.
«Беларусь Республикасының елшісі министрлікке келіп, ниетін білдірді және әзірге осы. Көлем, тағы бірнеше ұсыныстар бар, бірақ техникалық түрде осы немесе келесі аптада олардың өкілдері келеді. Біз оларды тыңдаймыз», — деп түсіндірді Бозымбаев
Ол сондай-ақ, мұнай жеткізуді ғана емес, бензинді де талқылау жоспарланғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Армения және Беларусь мемлекеттеріне қазақстандық бензин жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.
https://7kun.kz
29 мамыр 2019 ж. 642 0