Қазақстандық жас футболшы қыздар Беларусь елінде өткен турнирге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Беларусь елінде өткен «Даму кубогы-2019» халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық қыздар турнирде Беларусь, Әзербайжан және Фарер аралдарының жас футболшыларымен кездесті.
Жарыстың алғашқы матчында біздің қыздар Беларусь қыздар құрамасына (U-17) 2:4 есебімен есе жіберді.
Беларусь WU-17 – Қазақстан WU-17 – 4:2 (3:0).
Голдар: Анастасия Побегайло – 23, 33, 40+1, Анна Сас 80+1 – Жасмина Алмасқызы 53, 76.
Ал екінші ойында Фарер аралдарын 2:0 есебімен жеңді.
Фарер аралдары WU-17 – Қазақстан WU-17 – 0:2 (0:1).
Голдар: Жасмина Алмасқызы – 27, Бибігүл Хасенова – 78.
Соңғы, үшінші кездесуде әзербайжандық футболшылардан пенальти сериясында ұтылды.
Қазақстан WU-17 – Әзербайжан WU-17 – 0:0 (0:0). ПС – 3:4.
Пенальти сериясы: Алена Иванова (1:0), Семанур Арзик (1:1), Ольга Плотникова (1:1), Алина Нахмадова (1:2), Жасмина Алмасқызы (2:2), Нисрине Зериоул (2:3), Сабина Елубаева (3:3), Ламина Ализада (3:4), Камила Совет (3:4).
BAQ.KZ
https://baq.kz