Бас жүлде жерлесімізде

Поэзия және проза жанры бойынша өткен сайыстың басты мақсаты – жас облыс орталығы – Түркістанның терең тарихын жырлау. Рухани шара қаламгерлерге шабыт сыйлады.
Байқаудың жүлделі бірінші орыны Қарағанды қаласынан қатысқан Жанат Жаңқашұлына берілсе, түркістандық Батырхан Сәрсенхан екінші орын, Қостанай облысынан Ақылбек Шаяхмет үшінші орынды қанжығасына байлады. Ал байқаудың бас жүлдесін иеленген сөз зергері, жерлесіміз Толыбай Абылаев жалынды жырымен дараланды. Ақынның байқауға ұсынған «Иасы-Түркістан» поэмасын осы сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар.
Әріптесімізді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
«Толқындықтар»