Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: 2023 жылға дейін сексеуілдің барлық түрін шабуға тыйым салынған

Министр: 2023 жылға дейін сексеуілдің барлық түрін шабуға тыйым салынған

 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сексеуілді сақтап қалу мәселесі өзекті екенін мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz 
«Сексеуілді сақтап қалу мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Әлем бойынша сексеуілдің негізгі бөлігі біздің жерде өсетіндіктен, оны ұрпаққа аманат ету ісінің маңызы зор», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр 2023 жылға дейін сексеуілдің барлық түрін шабуға тыйым салынғанын еске салды. 2017 жылдан бастап республиканың сауда нүктелерінде сексеуілді сатуға шектеу қойылған.
«Бұл іске басымдық беруіміз керек. Оның негізгі екі себебі бар: біріншісі – даланың шөлге айналып кетпеуімен күрес. Екіншісі, топырақтың тұзданып кетуінің алдын алу керек. Сол себепті, сексеуілді сақтап қалу үшін жеке бағдарлама даярладық. Осы ретте мейрамханалар мен дәмханалардың иелерін сексеуілді жақпауға шақырамын. Себебі, ол – ұлттық құндылығымыз. Өкінішке қарай, ол қасиетті ағашты брендіміз деп білмей, кәуап пысыруға пайдаланатындар бар. Бұл мәселеге келгенде түпкілікті ой-пайымдарымызды өзгертуіміз керек», - деді ол.

24 желтоқсан 2019 ж. 753 0