Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы не болатынын экстрасенс айтып берді

2020 жылы не болатынын экстрасенс айтып берді

Сөз соңында Бақыт ханым Тышқан жылы дастарханға тары-талқан, күріштен жасалған тағамдар қойған жақсы екенін айта кетті.Әне-міне дегенше 2020 жыл да табалдырықтан аттағалы тұр. Ал алдағы он екі ай қандай болмақ? Ол бізге қандай жаңалықтар әкеледі? Біз бұл туралы қазақстандық көріпкел, экстрасенс Бақыт Жұматовадан сұраған болатынбыз.
– 2020-шы, Тышқан жылы – өте қызық әрі қиын жыл. Бұл жылы су көп болады. Арал, Каспий теңіздері, жерасты сулары көтерілуі мүмкін. Онымен қоса бұлақтар да көбейеді. Содан соң таулар көшеді. Олар да тірі ағза. Олар да қозғалады. Сондықтан таулы жерде тұратын адамдардың сақ болуы керек.
Ал экономика бойынша айтар болсақ, осы жылдың шілде, тамыз айларына дейін шамалы қиындықтар болады. Біршама банктер жабылады. Дегенмен 2021 жылы дағдарыстан шығамыз. Енді тағы бір жылдан соң жеті жылға созылуы тиіс қиыншылығымыз бітеді.
2020 жыл – босау (освобождение) жылы болады. Түрмеден көп адамдар босап шығады. Сонымен қатар өлім-жітім, жол апаты, алаяқтар көбеюі мүмкін. Денсаулық жағына келсек, адамдарда тамақ ауруы көп болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтауға тырысу керек.
Алдағы жыл – тұрмыс құратындарға да ауырлау кезең. Ажырасулар аз болмайды. Себебі 2020 жыл - кібісе жылы (високосный год).
Тап Арыстағыдай жағдай болады деп айтпаймын, бірақ табиғи катаклизмдер көп болады. Сондықтан мұсылмандарға жиі құран оқып, сүрелерді жаттап жүрген артықтық етпейді. Құдайға бетпен қарау керек. Жиі садақа беріп, мүмкін болса, Құрбан айтта құрбандық шалған жөн.
Соңғы кездері болмашыны себеп қы¬лып, мейрамханаға той жасау сәнге айналды. Оның орнына мешітке барып, жағдайы жоқ, мұқтаж адамдарға ас берсе, сол үлкен сауап болады, ол адамға Алланың назары ауады. Адамдар мейлінше мейірімді бол¬ғаны жөн, – дейді Бақыт ханым.
Көріпкел алдағы жылы орын алатын жағымды жайттарға да тоқталды.
– Ал жақсы жаңалықтарға келер болсақ, Қазақстанда спорт, мәдениет, ауыл шаруашылығы салалары дамиды. Осы жылы Ақтөбе, Қызылорда облыстарына көбірек ақша бөлінетін болады. Ал оңтүстік өңірде ауыл шаруашылығы көтеріледі. Мал және мақта шаруашылығында оң өзгерістер орын алуы мүмкін. Туризм жағы дами түседі. Мұнда көптеген жұмыс орындары ашылады. Түріктер тарапынан өте көп инвестиция салынады. Мәдениет, денсаулық жағында да Түркістан облысында бәрі ойдағыдай болады.
Бастысы, елде соғыс жоқ. Ел негі¬зінен тыныш болады. Жалақылар өседі. Бірақ қымбатшылық та бір орында тұрмайды, – дейді көріпкел.
Сөз соңында Бақыт ханым Тышқан жылы дастарханға тары-талқан, күріштен жасалған тағамдар қойған жақсы екенін айта кетті. Сонымен қатар ол 2020 жылдың 29-ақпанын энергетикасы күшті күн деп атап көрсетті. Сондықтан осы күні тілеген тілектердің орындалу мүмкіндігі өте жоғары екен.
...Әңгіме барысында Бақыт Жұматова: «Алдағы жылы бізде ғана емес, бүкіл әлемде көп Президенттер ауысады. Орнына жас адамдар келеді», – дегенді де айтты. Естігенді елең еткізер бұл сөздің қаншалықты тура шығарын алдағы уақыт көрсетеді, әрине.

Zamana.kz
02 қаңтар 2020 ж. 688 0