Мал ұрлығы үшін қылмыстық жаза күшейтілді

Сондай-ақ мал тасымалы кезінде анықталатын заң бұзушылықтарға жауапкершілік қатаңдатылды. Мәселен, тасымал кезінде малдың санын дұрыс көрсетпегені үшін азаматтарға 20-дан 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Мұндай өзгерістер енгізілген жаңа заң бүгіннен, яғни қаңтардың он бірінен бастап күшіне енді.