Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеберлікті шыңдаған сайыс

Шеберлікті шыңдаған сайыс

Жақында №262 мектеп-гимназиясының ашылғанына 10 жыл толуына орай мұғалімдер мен тәлім алушылардың сапалық және кәсіби қызметінің деңгейін айқындау, келешегі кемел мектеп құрудағы көшбасшылық қабілетіне қолдау көрсету мен дамыту мақсатында, мұғалімдердің оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған «Creative coach – 262» кәсіби сайысы өткізілді.
Бұл сайысқа әр күні ізденіс пен шығармашылыққа, түрлі идеяға толы, қолынан қаламы мен электронды жұмыстары түспейтін мұғалімдер қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты – қатысушылардың сапалық және құзыреттілік деңгейін анықтауда бағалаудың кешенді сатылап талдау жүйесін қолдану мен әлеуметтік пікірлер мен мектеп-гимназия мұғалімдерінің кері байланыстары арқылы тәлімгерлермен білім беру үдерісін дамытудағы перспективаларын айқындау. – Білім саласындағы серпіліс тұтас қоғамның өркендеуіне серпін беретінін ешкім жоққа шығара алмайды. Он жыл ішінде мектебіміздің жеткен жетістігі көпақ. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Біз осы атқа лайық болу үшін табанды еңбек ететін боламыз. Жалпы, оқу жылы көлемінде ұстаздарға жүктейтін жауапкершілік көп,– дейді мектеп-гимназия директорының уақытша міндетін атқарушы Руслан Сисенов. Алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді жалпылау әрі насихаттау үшін сайысқа қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатын ұстанған сайыс ашықтық, шынайылық, анықтық, нақтылық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды. Сайысқа барлығы 6 көшбасшы мұғалім тәлімгер ретінде және жас мамандар тәлім алушы ретінде қатысты. Сонымен бірге әлеуметтік желі арқылы күнделікті атқарылған жұмыстары жарияланып, дауыс жинау жүзеге асырылды. Нәтижесінде бас жүлде – «Creative coach – 262» атағына ие болған жұп – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ықпал Найзағұлова мен Салтанат Өксікбаеваға бұйырды. Физика пәнінің мұғалімдері Жанаркүл Тәжімбетова мен Дархан Бақытжанов І орынды, бастауыш сынып мұғалімдері Гүлмира Әбішова мен Мадина Жасекенова ІІ орынды, география пәнінің мұғалімі Айдана Жалғасқанова мен Гүлназ Темірбекова ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушы мұғалімдер түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанып, демеушілер тарапынан ұйымдастырылған қаржылай сыйақыға ие болды. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздарды аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Орынбасарова және мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Р.Сисенов марапаттады.
Жанар Құрманәлиева,
№262 мектеп-гимназия директорының орынбасары, мектеп тренері
25 қаңтар 2020 ж. 1 218 0