Қазақстан Қытайда қалып қойған өз азаматтарын неге алып шықпайды?

"Жаңа вирус тараған Уханнан бірқатар мемлекет, оның ішінде Өзбекстан мен АҚШ өз азаматтарын эвакуациялағалы жатыр" деген ақпарат БАҚ беттерінде жарияланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров карантин енгізілгенге дейін министрлік осы қаладағы қазақстандықтардың саны туралы ақпарат жинап, түрлі сценарийге дайын болғандығын айтады. Бірақ Қытай билігі Уханды жауып тастап, қазір одан ешкімді шығармай жатыр.
ҚХР-дағы қазақстандық дипломаттар басқа елдердің елшіліктері сияқты қазақстандықтарды эвакуациялау жолдарын қарастыруды бастады. Карантин жариялаған алғашқы күні-ақ олар Қытай тарапына осындай мүмкіншілік беру туралы тиісті хаттар жолдады.
«Қытай тарапы әлі ешбір елге мұндай рұқсатты берген жоқ, қалалар карантинге жабылған. Бірақ әр ақпарат өзінше тарауда...», - деп жазды Смиядияров Facebook-тегі парақшасында.