Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ мәлімдейді

БЖЗҚ мәлімдейді

Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл
Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 
Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейтін Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегі басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепілдік береді. Бұл дегеніңіз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиеді.
Словенияда басқарушылардың шекті табысы мемлекеттік облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзінде бекітілген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкі, бірақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткішінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепілдік береді.  Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттік облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепілдендірілген. Ал Австрия, Швеция, Эстония,Израиль, Мексика және  Норвегиясынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік мүлде қарастырылмаған.
Өзге елдердегі жағдайды қысқаша шолып шықтық. Албіздің елімізде зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді? Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын қолға алды. Сол шақта салымшылардың нақты аударылған зейнетақы жарналарының зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына  мемлекет кепіл болатыны  құқықтық тұрғыда негізделді. Заң тілімен айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында «Мемлекет салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының (МКЗЖ) нақты салынған мөлшерінің зейнетақы алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуын қамтамасыз етеді».
    
2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы да бірінші кезекте салымшылардың мүддесін қорғауға бағытталған болатын. Бұған дейін жұмыс істеген жеке зейнетақы қорларының  бірқатарыактивтерді тиімсіз басқарғандықтан, салымшылардың есепшоттарындағы табыс көрсеткіші нольден төмен түсіп кеткен. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың мүддесінен олардың қожайындарының мүдделерін жоғары қойды. 
Қазір салымшылардың жинақтары біріңғай оператордың жауапкершілігінде. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және бірегей акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық Банктің сенімді басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін    Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп басқарады.   Салымшылардың зейнетақы жарналары диверсификациялау негізінде тәуекел мен табыс арақатынасын сақтай отырып, түрлі қаржы құралдарына салынады.  Зейнетақы активтерінің 40 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, қалғаны – инвестициялық декларацияға сәйкес ел ішіндегі, шет елдердері квазимемлекеттік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің құнды қағаздарына, корпоративтік облигацияларға, басқа да қаржы құралдарына салынады.   
Нарық заңдылығына сәйкес, инвестициялаудан түскен табыс инфляция деңгейінен жоғары болуы да, төмен болуы да мүмкін.Осыған орай жарна мен инфляция деңгейін есептегендегі табыстың жиынтығынан тұратын шынайы зейнетақы жинақтары мен салынған зейнетақы жарналарының арасында айырмашылық туындайды. Егер инвестициялық табыс инфляциядан төмен болса,   айырма сомасы азамат зейнетке шыққан шақта төленеді. 
Мемлекеттің кепілдігін алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепілдік І и ІІ топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмір сүруге кеткендерге, міндетті кәсіби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден біржола кеткен шақта беріледі. Мемлекеттік кепілдікке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесілі өтемақы мұрагерлерінің еншісіне өтеді.  
Мемлекет кепілдігін алу үшін   «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойыншаарыз жазу керек. Әрбір алушыға тиесілі сома  арнайы жасалған әдістеме бойынша жеке есептеліп,   оның банк шотына аударылады.
 Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оның мөлшері азаматтың зейнетақы төлемдерін алу құқы туындаған сәтке инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының арасындағы айырманы құрайды.
Егер инвестициялық табыс көлемі инфляцияның рұқсат етілген деңгейінен артық болса, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Қалған жағдайларда салымшылар өздеріне тиесілі өтемақыны алады. Осылайша, Қазақстанда қазіргі күні азаматтардың зейнетақы жинақтарын сақтаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Тек 2017 жылымемлекеттік кепілдік ретінде 12,7 млрд теңге төленді. Мұндай кепілдік тіпті өте дамыған елдерде  жоқ екенін ескере отырып, көптеген сарапшылар Қазақстанның зейнетақы жүйесін әлемдегі озық  үлгілердің санатына қосып отыр.
Өздерінің Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкіндіктері, зейнетақы жинақтарының көлемі, шоттарының жай-күйі туралы білгісі келетін азаматтар үшін  БЖЗҚ әрбір тоқсан сайын   Ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесінің жұмысын кеңірек түсіндіру үшін  Қор мамандары кәсіпорындар мен мекемелерде көшпелі таныстырылымдар   өткізіп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.     
  Б.Сержанова
«БЖЗҚ» АҚ бас маманы/
Сохранность гарантирована
Сохранность пенсионных накоплений – один из ключевых вопросов, который  волнует всех казахстанцев.  Учитывая, что большинство сегодняшних вкладчиков  будут получать свои сбережения через десятки лет, опасения людей несложно понять.  К сожалению, именно  сомнения  по поводу сохранности своих вкладов являются главным аргументом тех наших сограждан,   которые   не торопятся делать   взносы для достойного обеспечения своей старости.   Между тем, многие просто не знают, что Казахстан является единственной страной в мире,  где существует государственная гарантия сохранности пенсионных накоплений граждан с учётом уровня инфляции на момент выхода на пенсию.
Если  рассмотреть в сравнении, в таких странах какЯпония, Чехия, Словакия, где существует обязательная накопительная система,     инвестиционная  доходность от пенсионных накоплений  не предусмотрена.  Их управляющие фонды  гарантируют лишь  номинальную,  то есть действительную  стоимость взносов или нулевую инвестиционную доходность без учета инфляции.  Другими словами, сколько человек вложил средств в фонд, столько и получит в итоге без пересчета инфляции и других факторов.  
В Словении законом предусмотрено, что минимальная доходность управляющих не должна быть ниже 40% от средневзвешенной доходности государственных облигаций. В Чили  управляющие гарантируют доходность в зависимости от типа выбранного фонда, но не ниже 2% средневзвешенной реальной доходности за предыдущие 36 месяцев. В Германии пенсионные фонды гарантируют ставку доходности в размере 2,25% к дате выхода на пенсию. В Венгрии  пенсионные фонды гарантируют, что доходность инвестиций будет не менее чем на 15% ниже доходности государственных облигаций. А в таких странах, как   Австралия, Швеция, Эстония, Израиль, Мексика и Норвегия  государство вообще не несет никаких гарантий по  сохранности. Вот такой экскурс по разным странам.
Как же обстоит ситуация в  нашей стране?  Вопросом сохранности пенсионных накоплений   в Казахстане озаботились еще 15 лет назад. Тогда  на законодательном уровне были закреплены права вкладчиков на государственные гарантиив размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты.  Если говорить юридическим языком,  первый пункт пятой статьи  Закона РК "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" гласит:  «Государство гарантирует получателям сохранность обязательных пенсионных взносов (ОПВ), обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) в ЕНПФ в размере фактически внесённых ОПВ, ОППВ с учётом уровня инфляции на момент получения права на пенсионные выплаты».     
Создание в 2013 году  Единого накопительного пенсионного фонда  также было обусловлено в первую очередь необходимостью защиты интересов вкладчиков. Существовавшие до этого частные пенсионные фонды зачастую управляли активами так, что в отдельные периоды на счетах вкладчиков отражалась  отрицательная доходность. Частные НПФ ставили во главу угла не столько интересы вкладчиков, столько их владельцев.   
В данный момент вложения вкладчиков аккумулированы  у единого оператора,  учредителем и акционером которого  является Правительство. Республики Казахстан. Государственный пакет акций АО «ЕНПФ» находится в доверительном управлении Национального Банка.  Управление пенсионными активами   осуществляет Национальный Банк  совместно с Советом по   управлению Национальным Фондом. Пенсионные взносы вкладчиков инвестируются в различные финансовые инструменты на основе диверсификации, неукоснительно соблюдая баланс риск-доходность. Более сорока процентов активов размещаются в государственные ценные бумаги Республики Казахстан.  Остальные – в крупные инвестиционные направления согласно инвестдекларации как в пределах страны, так и за рубежом – ценные бумаги квазигосударственных организаций, банков второго уровня, корпоративные облигации и другие финансовые инструменты.  
По законам рынка доходность от инвестирования может быть как выше, так и ниже уровня инфляции. В связи с этим возникает разница между реальными пенсионными накоплениями (которые складываются из взносов и дохода с учетом уровня инфляции) и суммой внесенных пенсионных взносов. Если инвестиционный доход оказывается ниже инфляции, разница   выплачивается получателям при наступлении права на пенсионные выплаты.
Право на выплату по гарантии государства вкладчики получают при наступлении пенсионного возраста. Кроме того, это право имеют инвалиды І и ІІ групп, если инвалидность установлена бессрочно, лица,  выехавшие на постоянное место жительства за пределы Казахстана, иностранцы и лица без гражданства, перечислявшие ОПВ, ОППВ,  наследники  в случае смерти лица, имеющего право на выплату по гарантии государства.
Чтобы претендовать на гарантии от государства, необходимо обратиться с заявлением в  Межведомственный расчетный центр социальных выплат Государственной корпорации «Правительство для граждан» по месту проживания. Для каждого индивидуально по специально разработанной методике будет произведен расчет, и человек получит выплату на свой банковский счет, если она ему действительно положена.
Выплата разницы (государственной гарантии) представляет собой единовременную выплату за счёт средств государственного бюджета и определяется как разница между суммой фактически внесённых обязательных пенсионных взносов с учётом уровня инфляции и суммой пенсионных накоплений в ЕНПФ на момент приобретения права на пенсионные выплаты.
Если уровень инвестиционного дохода превышает допустимый уровень по инфляции, то вкладчику не выплачивают госгарантии.  
Таким образом, в Казахстане на сегодняшний день предусмотрены все возможности сохранения пенсионных вкладов граждан. Только за 2017 год казахстанским пенсионерам в качестве государственных гарантии было выплачено 12,8 млрд  тенге. Учитывая, что подобные гарантии не предусмотрены даже в развитых стран, многие эксперты считают казахстанскую пенсионную ситему прогрессивной и справедливой.
Чтобы граждане могли более подробно получить информацию о своих пенсионных накоплениях, о состоянии своих счетов, ЕНПФ  регулярно проводит Дни открытых дверей, предусмотрены консультации  через сайт, call-центр, аккаунты Фонда в социальных сети.  Для большего охвата населения во всех региональных филиалах ЕНПФ проводятся  выездные презентации на предприятиях и в организациях.   Все эти меры призваны улучшить качество работы Фонда, обеспечить  прозрачность, что,в конечном итоге, должно способствовать повышению доверия казахстанцев к пенсионной системе страны.
исп: Б.Сержанова
8 7273121568 вн 5220
27 наурыз 2018 ж. 589 0