АӘК-тен айырылып қалған отбасыларға көмек көрсетіле ме?

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәжіліс отырысында айтты.
«Жергілікті органдарға тапсырма берілген. Мұндай көмектен айрылып қалған отбасыларға жергілікті жерден демеушілердің көмектесуін қолдау керек», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында 5,9 мың отбасыдан атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылданғаны жөнінде жазған болатынбыз.