Қуанышбек Ысқақов: Бүгінде халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген қате пікір
«Халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген қате пікір». Мұны Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты. Аймақ басшысы бүгін «Сыр медиа» ЖШС-нің жұмысымен танысу барысында БАҚ елдің айнасы екенін айтқан болатын деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл біз үшін елдің айнасы десек болады. Президенттің саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау ісінде БАҚ-тың ролі ұшан-теңіз. Қазір халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген бекер сөз. Жақында облыс басшысы болғаннан кейін елді-мекендерді аралап қайттым. Өздеріңіз де газет бетінде жаздыңыздар ғой. Сол кезде Аралдан бастап Жаңақорғанға дейін ауыл адамдарының барлығы газетті міндетті түрде оқиды, олардың барлығы теледидардағы жаңалықтарды жібермей қарайды. Шын мәнісінде жаңалықтарды, проблемаларды халыққа өз дәрежесінде жеткізетін құрал – бұл бұқаралық ақпарат құралдары», – деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.