2020 жылдың қазан айында Қазақстанда халық санағы ұйымдастырылады. Қазіргі күннің өзінде аталған шараға жаппай дайындық басталып кетіпті. Мемлекет бюджетінен халық санағына 8 миллиард теңге бөлініпті. Биыл қазақстандықтарды есепке алу электронды түрде өтетін көрінеді. Бұған дейін екі рет ұйымдастырылған бұл үрдіс тек қағаз күйінде өткізіліп келген, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.