Абай мұрасы насихатталды

"Ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету және жөндеу" пәндер бірлестігінен құралған "Абай мұрасы" ауылы "Көзімнің қарасы" әнін орындап, оның шығу тарихымен көпшілікті таныстырды. Ал, "Жалпы білім " беретін пәндер бірлестігі мүшелерінен құралған "Бекей" ауылы Абай жолы романынан үзіндіні сомдап, Абайдыңөмірінің бір кезеңдегі оқиғаларынакөрсетті. Сондай-ақ, "Электр жабдықтары мен желілері" пәндер бірлестігінің "Өлең сөздің- патшасы" ауылы Абай өлеңдерінен жатқа мәнерлеп оқып, көпшілікке өлеңдерінің тәрбиелік мәнінің осы күнге шейін зор екенін ұғындырды. "Маркетинг және ЭЕМ" пәндер бірлестігінің "Абай-дана, Абай-кемел" ауылы Абайдың өлеңдерінен видеоролик жазбасын жасай отырып, Абайдың дүниеге келуі,атының қойылуы және Тоғжанға ғашықтық сезімін жұртшылыққа сомдай білді.
Кеш соңында әділ қазылар мүшелері бағалап, пікірлерін білдірді. Әр ауылға номинация аталып, командаларға, жеке қатысушыларға дипломдар мен кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Колледж директоры Еркін Садақбаев қорытындылап, колледж ұжымына ризашылығын білдірді.
Аралбекқызы Мереке
Арал көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы