Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық азаматтардың цифрлық дағдылары артты

Аралдық азаматтардың цифрлық дағдылары артты

 Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамы электронды форматқа ауысып, қызметтерді алу реті едәуір жеңілдетілді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Мысалға, былтырғы жылдан бастап жаңарған «egov mobile» мобильді қосымшасы пайдалануға беріліп, тұрғындар түрлі анықтамаларды онлайн алуды үйренуде. Аталмыш мобильді қосымша арқылы кез келген жерде отырып 59 түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
Өткен жылы 54 992 қызылордалық «Telegram-Bot»-қа тіркеліп электронды қызметтер алса, өткен жылдың қараша, желтоқсан айында «eGov mobile» қосымшасына 10 856 азамат тіркеліп, қосымшаны тиімді пайдалануда. Бұл дегеніміз, халықтың цифрлық дағдыларының артып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қала, аудан көлемінде ХҚО мамандары халық көп шоғырланған орындарда, сауда орталықтарында онлайн қызметтерді түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы ретте, Арал ауданында ашық есік күні ұйымдастырылып, кәсіпкерлік, туризм, спорт бөлімдерінде электронды үкімет қызметтерін насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жалағаш аудандық бөлімінде де түрлі мекеме қызметкерлеріне және тұрғындарға онлайн қызметтерді алу реті түсіндірілсе, HR-менеджер С.Смайлова фронт-офис мамандарына SANA кодексі бойынша семинар сабақ ұйымдастырылды.
20 ақпан 2020 ж. 754 0