Қызмет пен құрмет

Л.БАЙҒАРА
Отбасындағы тәрбиенің әсері болар, бәлкім, Ақмарал кішкентай кезінен өзгеге қол ұшын беруге дайын тұратын елгезек болып өсті. Шыншыл әрі тура мінезді қыз заңгер болуды мектеп кезінен қалаған еді. Білімге деген жан-жақты ұмтылысының нәтижесінде Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған ол әділеттіктің ақ туын көтеріп, құқық қорғау бағытындағы еңбек жолын Жаңақорған аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі қызметінен бастады. Тәжірибе жинақтаған шақта Қазалы ауданының прокуратурасында аға прокурор қызметін атқарды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзді назарға алған ол осы жылдар аралығында әділетсіздік пен құқық бұзушылыққа жол бермей, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамсыздандыру бойынша міндеттерді адал атқарып, өзін әділет жаршысы ретінде таныта білді.
Бүгінде Арал аудандық прокуратурасының аға прокуроры ретінде атқарушылық іс жүргізу саласы, азаматтық әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау қызметін абыроймен атқарып келеді. Үлкенге ізетті, кішіпейіл, биязы мінезді Ақмарал Оңталапқызын әріптестері білікті маман ретінде құрметтейді.
«Әйелдің бақыты – отбасы» десек, Ақмарал – үлкен шаңырақтың өнегелі келіні, аяулы жар, ардақты ана. Жұмыстан келген сәтте шаңырақтағы жылулық пен бүлдіршіндерінің бал қылығы қатал мінезін ұмыттырып жібереді...
Еселі еңбек адамды абыройға бөлейді. Көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында Ақмарал Жанесенова ҚР Бас Прокуратурасының «Прокуратура үздігі» төсбелгісін иеленді. Мереке оның мерейін арттыра түсті.