Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғақ асқазанға пайдалы

Жаңғақ асқазанға пайдалы

massaget.kz Ғалымдар күнде жаңғақ жеген адамның асқазаны жақсарып, ішегінде пайдалы бактериялардың көбейетінін айтады. Зерттеудің нәтижесін Nutrition журналы жазды.
Жаңғақтың қандағы холестеринді азайтып, тамыр мен жүрек жұмысын жақсартатынын Пенсильвания университетінің ғалымдары бұған дейін де дәлелдеген еді. Енді ғалымдар жаңғақтың асқазан мен ішек жұмысына қалай әсер ететінін анықтамақ ниетпен 30 бен 65 жастағы 42 адамға зерттеу жасаған. Оларды үш топқа бөліп, біріне грек жаңғағы қосылған диета берілсе, екіншісіне жаңғағы жоқ, ал үшіншісіне жаңғақ қосылған қышқылы бар диета берілген.
Тәжірибе 6 аптаға созылған.
Зерттеу біткеннен кейін ғалымдар грек жаңғағын күнде жеп жүрген адамның асқазаны жақсарып, ішектегі пайдалы бактериялардың көбейетінін байқаған.
- Әсіресе, ішектің ішкі қабатын қорғауға атсалысатын Roseburia бактериясының көбеюіне ықпал етті. Сондай-ақ Eubacteria eligens пен Butyricicoccus бактериясының да көбейгенін байқадық, - дейді зерттеу авторларының бірі Кристина Петерсен (Kristina Petersen).
Авторлар ішек микробиомасы мен жүрек қан тамырларының жақсаруы қатар жүретін процесс дейді. Мәселен, Eubacteria eligens бактериясы көбейсе, қан қысымының азайып, Lachnospiraceae бактериясы көбейсе, артериалды қан қысымының төмендеуіне, холестериннің азаюйына әкеледі екен. Ал грек жаңғағын жемеген адамдарда мұндай өзгеріс байқалған жоқ.
- Күнде грек жаңғағын жеу арқылы тамақтануды жақсартуға болады, - дейді Петерсен. Ғалымдар күнде 50-80 грамм грек жаңғағын жеген адамның ішек пен жүрек жұмысы жақсарып, денсаулығына оңалады дейді.
- Жаңғақтың құрамында май қышқылы, жасұнық, биологиялық белсенді қоспалар бар. Бұл ішек микрофлорасына азық болады. Ал пайдалы бактериялар көбейсе, ағзаға пайдалы метаболит бөлінеді, - дейді ғалым. 

11 наурыз 2020 ж. 1 113 0