Төтенше жағдай: ҚазАТУ әр қызметкеріне 100 мың теңгеден үстемақы берді
Бүгінгі орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты және Наурыз мерекесі қарсаңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқармасы университет ұжымын әлеуметтік жақтан қолдау мақсатында 100 мың теңгеден үстемақы тағайындады.
Қаржы әрбір штаттық қызметкерге (оқытушылар, әкімшілік-басқару және қызмет көрсету персоналдары) беріледі.Университет осы жылдан бастап 3 семестрлік оқу бағдарламасына көшкен, сол себепті студенттер кезекті демалысқа жіберілген. Ал демалыс уақыты аяқталған күннен бастап білім ордасы түгелдей қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеуге даяр тұр.Ертеңгі жұмыс күнінің соңына дейін ақшалай қаражат олардың банктік карточкаларына аударылады. Қазіргідей жағдайда біз барша отандастарымызды және әріптестерімізді қолдаймыз - дейді университет басшылығы.
Ал бүгіннен бастап университет штаттық кесте бойынша кезекшілікпен және қашықтықтан жұмыс жүргізу режиміне көшті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін университет ректоры Ақылбек Күрішбаев арнайы үндеу жасаған болатын.
https://baq.kz/