Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ARAL» ҚОНАҚ ҮЙІ 70 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН

«ARAL» ҚОНАҚ ҮЙІ 70 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өткен жылы пайдалануға берілген заманауи үлгідегі төрт жұлдызды "Aral" қонақ үйінде болып, жұмысымен танысты, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызыметі.
Аудан басшысы 4 қабатты ғимараттың жаңа үлгіде жабдықталған жатын бөлмелерін, асханасын, мәжіліс залын аралап шықты.Айта кетейік, аталған қонақ үй «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Қазіргі таңда, қонақ үйде 33 жатын бөлмесі - оның ішінде 6 люкс, 15 стандарт, 12 екі адамдық стандарт бөлмесі, мәжіліс залы, 2 шағын кездесу бөлмесі мен жоғары қабаттарға қатынауға арналған лифт қарастырылған.
Бір мезгілде 70 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар қонақ үй тегін wi-fi желісіне қосылған.
16 наурыз 2020 ж. 1 479 0