Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

21 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Наурыз мейрамы
«Наурыз» сөзі парсының «нөу» – жаңа, «руз» – күн деген сөздерінен қалыптасып, Жаңа жылдың бірінші күнін білдірген.
Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.
Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған – ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
Дүниежүзілік поэзия күні
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-шы сессиясының шешімі бойынша наурыздың 21-і – Дүниежүзілік поэзия күні болып жарияланды. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде өтті.
Халықаралық орман күні
2012 жылы бекітілді. 2013 жылдан бастап жыл сайын 21 наурызда тойланады.
Даун синдромына шалдыққан адамдардың халықаралық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың желтоқсанында Даун синдромына шалдыққан адамдардың халықаралық күнін бекіткен.
1950 жылы Өскемен қаласында Бүкілодақтық түрлі түсті металл ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазіргі уақытта металл, цинк алатын полиметалл кендерiн өндіру, байыту және қорғасын концентраттарын қайта өңдеу мәселелерiмен айналысатын республикамыздағы ірі институт болып табылады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Институттың 410 зерттемелері КСРО-ның Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің (ВДНХ) алтын, күміс және қола медальдарымен атап өтілген. Институт КСРО-ның 1200 авторлық куәлігіне, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетел елдердің 400 патентіне ие.
1972 жылы Алматы қаласының Әуезов ауданы құрылды. 1997 жылы Алатау мен Мәскеу аудандарының жойылуына байланысты қайта әкімшілік-аумақтық бөлініс болды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Достық және ынтымақтастық декларациясына қол қойылды.
2000 жылы Алматыда қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
https://kyzylorda-news.kz/
21 наурыз 2020 ж. 678 0