Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Университет ғимараты шатырсыз қалды

Қызылорда: Университет ғимараты шатырсыз қалды

Еgemen.kz «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарының бүгінгі ауа райы болжамында облыс аумағында солтүстік-шығыстан қатты жел соғатыны жайлы айтылған болатын. 

Синоптиктер болжағандай екпіні секундына 23-28 метрге жететін дауыл көтеріліп, бірнеше нысандардың шатырын ұшырып кетті. Мысалы, бүгін «Болашақ» университетінің ескі ғимараты шатырсыз қалды. Университет корпусы былтыр сол жағалауға көшіп, бұл ғимарат көптен бері бос тұрған болатын.

Бұл оқиғаға байланысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі шатырдың құлауынан ешкім зардап шекпегенін, қазір онда қалпына келтіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
25 наурыз 2020 ж. 436 0